Тәртіпке бағынбағандар жауапкершілікке тартылды

0

Жуалы ауданына қарасты Талапты ауылының тұрғыны, Б.А. есімді азаматша мемлекеттік белгіленген шектеулерге қарамастан, өз үйіне 30 адам шақырып, құдалық күтіп, қызын ұзатқан. Аталған оқиғаға қатысты үй иесі Б.А-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 6-бөлігімен №0711026 санды әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, Жуалы аудандық сотының қаулысымен 10 (он) АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, Нұрлыкент ауылының шығыс бөлігінде ұлттық көкпар ойыны өткізілген. Мемлекеттік белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін ойынды ұйымдастырушы Нұрлыкент ауылының тұрғыны Ж.К. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 6-бөлігімен №0711023 санды әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, Жуалы аудандық сотының қаулысымен 7 (жеті) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Жуалы аудандық полиция бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.