Партия филиалының кезекті сессиясы өтті

0

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында депутат Ілия Тортаевтың төрағалығымен жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың елу тоғызыншы сессиясы болып өтті.

Жоспарға сәйкес, сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болды. Онда аудандағы білім мекемелеріндегі балалар қауіпсіздігін сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсары талқыланды. Сонымен қатар, тұрақты комиссияның төрағасы Жасұлан Әбенов баяндама жасап, жоғарыда аталған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесін тілге тиек етті. Жиын барысында аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Асқар Бименбетов есеп беріп, білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Бұдан бөлек, басқа салаларға қатысты мәселелер де қаралды.

Ал кезекті сессияның отырысында күн тәртібіндегі 11 мәселе түгел қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың алпысыншы сессиясының төрағасы ретінде депутат Нұржан Қадырбеков сайланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.