Қоғамдық көліктерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

0

Мойынқұм ауылындағы жалғыз автобекеттен жүретін барлық маршруттық газельдер мен көліктерге күнделікті қайталап дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Көлік жүргізушілері көліктерінің ішіне спирт араластырылып арнайы дайындалған сумен ылғалды тазалау жұмыстарын әр рейс сайын жасап тұратындарын айтты. «Бізге ең бастысы халықты уақытылы керек жеріне жеткізу ғана емес, адамдардың қауіпсіздігі» деді Пернебай Рысымбетов Мойынқұм автобекетінің басшысы. Көліктер жүргізушілеріне бетперде кию міндеттелгенін және пандемиядан сақтану жолдары бар парақшалар қол жетімді жерлерге ілініп түсінік жұмыстары айтылып отыратынын да алға тартты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.