Қордайдағы қақтығыс: оқиғаның бейнежазбасы пайда болды

0

Кеше еліміздің үш өңірінде Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқан 25 адам ұсталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев айтты.

«Бүгін Жамбыл облысында, Алматы және Шымкент қалаларында Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысушыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Оның нәтижесінде 25 адам ұсталды. Олардың ішінде қазақтар, дүнгендер, қырғыздар бар. Оның 7-еуі бұрын сотталған.

Істі тергеу жалғасуда және біздің ерекше бақылауымызда тұр. Барлық процессуалдық шешімдер заңнамаға сәйкес қатаң қабылдануда. Жиналған дәлелдемелерге тиянақты талдау жүргізіп жатырмыз. Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың әрбірінің рөліне баға берілуде», — деді ол.

Сонымен қатар, аталған оқиға кезінде жазылған бейнежазбалар да жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.