Аудандық штабтың кезекті отырысы өтті

0

Бүгін коронавирус инфекциясының Шу ауданы аумағында таралуының алдын алу мақсатында құрылған штабтың кезекті кеңесі өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Әлихан Балқыбеков төрғалық ететін штабтың бүгінгі отырысында профилактикалық шаралар кешенін күшейтіп, жедел жұмыс жасау керектігі айтылды. Кеңестің басында сөз алған Ә.Балқыбеков: қысыр сөзді қысқартып, сөзбұйдаға сала бермей іскерлікпен жедел әрекет етуге шақырды. Бірінші кезекте қоймалардағы азық-түлік қорының мөлшерін анықтап, бағаның негізсіз шарықтап кетпеуін қадағалау. Бұл мәселені шешу кәсіпкерлік және өнеркәсіп, туризм бөлімінің басшысы Б.Төлендиевке жүктелді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлермен келісе отырып көп реттік маскалардың санын арттыруды тапсырды. Екінші орындалатын мәселе сауда орталығындағы азық-түліктен басқа орындардың жұмысын уақытша тоқтату. Үшінші кезекте Көктөбе, Көкқайнар, Тасөткел ауылдарының маңынан блок-постар қойылатын болады. Бұдан былай сырттан келетін жолаушылар арнайы құрылғылар арқылы тексеріліп, тіркеуге алынады. Сонымен қатар кеңесте қаралған тағы бір мәселе үйіне қайтарылған жастар көп. Осыған байланысты қылмыстық істердің алдын алу шаралары талқыланды. Яғни рейдттік жұмыстар күшейтілетін болады. Штаб төрағасы Ә.Балқыбеков штаб мүшелеріне бүгінгі тапсырылған жұмыстар бойынша әр күн сайын баяндап тұруды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.