Шулық кәсіпкерлер маска тігуді қолға алды

0

Қауіпті індеттен сақтанудың алғашқы тәртібі маска тағу. Ауданымызда жеке кәсіпкерлердің ықпалымен бірнеше мәрте пайдалануға болатын маскалар сатылымға шығарылды. Тіпті мекемелер, кейбір отбасылар арнайы тапсырыспен маска тіктіріп пайдалануға көшті. Солардың ішінде жеке кәсіпкер «Абдуманапова» бағасы 100 теңгеден маскалар тігіп, Шу қаласындағы «Фарма» дәріханасына сатылымға шығаруда. Кәсіпкер масканы артығымен қою мүмкін емес екендігін айтып отыр. Сұраныс көп- дейді, кәсіпкер. Қиын кезеңде соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тегін үлестіру үшін 150 маска ұсынды. Бұл еріктілердің көмегімен тегін берілуге тиісті отбасыларға таратылды. Одан бөлек Шу қаласындағы «Достар» сауда үйінде 3 тігін цехы көп реттік маска тігіп сататындығын естеріңізге саламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.