Сақтық шаралары тиісті деңгейде орындалуда

0

«Сақтансаң – сақтайды» демекші, Жуалы ауданында коронавирус инфекциясының алдын алу және болдырмау мақсатындағы сақтық шаралары тиісті деңгейде қолға алынған.
24 наурыз күні аудан әкімідігінің мәжіліс залында осы мақсаттағы штаб отырысы өтті. Отырысты аудан әкімі Нарбай Ергебеков жүргізді. Отырысқа аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Аудан басшысы індетке байланысты жалпы елдегі жағдай туралы айта келіп, аудандағы қалыпты жағдайға тоқталды.Алайда сақтық шараларын жақсылап қолға алу керектігін ескертті.
Отырыста сақтық шаралары жан-жақты пысықталды. Алдымен дезинфенкция жұмыстарына аса мән берілді. Оған кімдер тарату, қажетті құралдар, тіпті дезинфекция жасайтын адамдардың тізіміне дейін нақтылауды тапсырды.
Медициналық маска мәселесіне де ерекше тоқталды. Маскаға қажет материал әкімшілік тарапынан сатып алынады. Ал одан маска тігуге ауданда тігін цехы бар кәсіпкерлерді жұмылдыру қажеттігін айтты.
Ауданда егер оқшаулаулау жұмыстары жүргізілген жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерде жұмыссыз қалуы мүмкін азаматтардың санын да алдын ала жоспарлау қажеттігін тапсырды.
Аудандағы әсіресе, ірі дүкендерде халыққа аса қажет деген азық-түліктердің қорын және баға тұрақтылығын үнемі бақылауда ұстау назарда болуын ескертті.
Сонымен бірге көпбалалы, аз қамтылған, жалпы басқа да көмекке мұқтаж отбасыларды осындай кезеңде мүмкіндігінше қажетті заттармен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда болатынын айтты.
Сондай-ақ, ауыл-ауылдан ауыл жастарынан еріктілер тобын құрып, көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру, тағы да басқа игі істерге тарту, кәсіпкерлік саланың жағдайы, қоғамдық тәртіп, аудан тұрғындарын қажетті ақпараттармен дер кезінде қамтамасыз ету, «Жастар ресурстық орталығының» жұмысын тиімді үйлестіру, залалсыздандыру жұмыстары, тағы да басқа мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді. Нарбай Әбілқасымұлы барлық мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдерін үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.