Ұстаздар және дәрігерлер аллеясына 8 мың түп тал егіледі

0

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» дей келе туған жердің мәні мен маңызына айрықша тоқталған болатын.

Міне, сондан бергі уақыт еншісінде көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Әр өңір, әр ауыл тарихын түгендеп, өзінің біртуар перзенттерін қайта жаңғыртып, ұрпақ санасына сіңіруге кірісті.

Қандай мамандық иесі болмасын ол мұғалім алдынан тәрбие алып, үлкен өмір жолына қадам басады. Мектептен алған тағылым шәкірттің өмір бойғы ізгі жолына бағдаршам іспеттес.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп дана Абай айтқандай жүрегі жұмсақ, көңілдері таза жандар оқушыларының бойына білім нәрін егіп, тынбай еңбек етеді. Ата-анадан кейінгі балаға жақын болатын да солар. Үйретеді, өмірге қанат қақтырады. Кез-келген азаматтан сұрай қалсаңыз, ұстазы жайлы қимастық сезіммен әңгіме айтады. Оның ғибратын, санаға құйған сәуле нұрын сезінгендігін жеткізеді.

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» демекші, қай жерде жүрмесін әр адамның туған жері, білім алған ордасы ерекше ыстық болады.

Осы орайда Сарысу ауданында тазалық айлықтары кезеңінде ұстаздар атына арнайы жер белгілеп,  оған тал-дарақтар отырғызылып жатыр. Бұл аллеяның ұстаздар атына берілуінің де өзіндік мәні бар.

Себебі,қаланың шыға берісіндегі осы  аллеяға ендігі жерде әрбір ұстаздан тәлім-тәрбие алған шәкірттер түрлі жеміс-талдарын егіп, көгалдандыру көгеріштендіру жұмыстарына өз үлестерін қосатыне болады. Рухани жаңғыру дегенімізде осы өсіп-өніп, көктеп, салт пен сананы жаңғырту. Сол себепті де Сарысу ауданында ұстаздар мен ақ халатты абзал жандарға арналған аллеялар бой көтерді.

Мұндағы басты міндет — Еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Туған жерге — туыңды тік!» атты бастамасы аясында, елі үшін еңбек еткен «ұстаз» деген ұлы есімді ұрпақтар жадында мәңгі қалдыру.

Аудан  жастары, жалпы ауыл тұрғындары жаңа аллеяны алдағы уақытта күтіп-баптау ісінде қалыс қалмаймыз деп отыр.

Өткен аптада алғаш тал егілген ұстаздар аллеясы 10 гектар  аумақты алып жатыр. Өткен  жылы қоршалған аллеяда алдағы уақытта 5000 түп тал отырғызылады деп күтілуде .

Осы тал егу науқаны кезінде өзара сөйлесіп тұрған бір топ ұстаздардың қуанышты сөздерінің куәсі болдық.

 Айгерім Әділханова, Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі:

— Расында, туған жерді қасиет тұту — асыл ұғым. Бала жанының бағбаны бола білген азаматтардың өздері ортамызда болмағанымен олардың ізгілікті ісі жалғасып келеді.

Бізге педагогтар үшін 2020 жылы «Ұстаздар мәртебесі туралы» Заңның қабылданғаны өте қуаныштымын. Президенттің көтерген заңнамалары көңілімізден шықты. Сондықтан Президентіміздің әрбір бастамаларын қолдаймыз. Осы орайда күні кеше ғана жарияланған төтенше жағдайларға қатысты Үндеумен де танысып, алаңдаушылық танытудамыз. Елдің елдігі қиындықта білінеді. Біз де ұстаздар қауымы ерікті түрде Үндеуді қолдап, болашақ ұрпақ саулығы жолында еселі еңбек етуге әзірміз.

Осындай ұстаздарымыздың бірі Тоғжан Әлиева да ұстаздарға жасалынып жатқан мүмкіндіктер мен игіліктерге шынайы қуанышын білдіріп, «Бір тал кессең, он тал ек»,деген. Ұстаздар атына аллея беруі бұл жақсылықтың нышаны. Тазалық пен салауаттылықты қолдайтын облыс басшысының өңірімізде атқарып жатқан ауқымды істеріне куәміз. Бұл біздің ауданда да көрініс тапқаны ұстаздар қауымын қуантады. Ауа-райы мың құбылған Сарысу жеріне көптеп тал егу өте тиімді. Ау-райын тұрақтандырып, таза ауамен тыныстап, еліміздің көгеріп, өсіп-өнгенін көргеннен асқан бақыт бар ма? Ауасы таза, шөбі майса жерде ешқандай сырқат дерттің тұрмасы анық. Олай болса кешегі жарияланған Үндеудің астарында да тазалық, жеке бастың гигеналарын сақтау мәселелері кеңінен айтылуда. Төтенше жағдай уақытында аллеяға тал-дарақ егіп, ауамызды тазартуға атсалысамыз деп, ағынан жарылды.

Дәл осындай мақсатта қолға алынған дәрігерлер аллеясы жасыл желекке бөленетін болады.

Кез-келген елдің ең басты байлығы — халықтың денсаулығы. Сондықтан да денсаулық сақтау саласының жағдайы қашанда Елбасының ерекше назарында болған.

Халқымыздың “Алғашқы байлық — денсаулық” деген дана сөзінің өзі осыған кепіл болмақ. Әлемдегі ең жақсы мамандық қандай? Бұл сұраққа нақты жауапты ешкім бере алмайды.

Кімнің еңбегінің маңызы артық? Дәрігер әлде ұстаз, шахтер немесе автобус жүргізушісі? Әрбір іс, әрбір мамандық маңызды.

Өз өмірін маңызды және пайдалы іске арнаған адам нағыз батыр десек артық айтпаймыз. Еңбек етпей бақытты өмір сүру мүмкін емес. Ал, жаның сүйетін іс өзгелерге пайдалы болса, одан асқан пенделік бақыт жоқ шығар. Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру — барлық дәрігерлерге тән қасиет. Дәрігерлер жүрегінде Гиппократ антын сақтап еңбек етеді, өмір сүреді. Сондықтан да көп жылғы еңбегі үшін, қанша ажалдан аман алып қалғаны үшін алғыс айтпау мүмкін емес.

Адам өмірінде 3 игі іс жасау керек, үй тұрғызу керек, бала тәрбиелеп, ағаш өсіру керек.

Осы ұстанымды ұстанған облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың тазалық жұмыстарына баса назар аударып, тал егу, көгалдандыру көгеріштендіру туралы тапсырмасы аясында ауданда екі бірдей аллеяяға орын беріп, бірін ұстаздар, екіншсін дәрігерлер аллеясы етіп, тал егу жұмыстары жүргізілуде.

Осы мақсатта аудан көлемінде қыруар жұмыстар басталып та кетті.

Бос жатқан жерді тиімді пайдалану және ауа тазалығына баса мән беруге байланысты дәрігерлер аллеясы болатын аймақ  5 гектар  аумақты құрайды. Онда 3000 түп жеміс және қара ағаш егіледі деп күтілуде.

Бұл туралы ақ халатты абзал жан Айда Боханова бізге деген мемлекеттің қолдауы қашанда зор. Облыс, аудан төңірегінде орын алып жатқан игі істерді есітіп, көріп қуанып жүреміз. Міне, ауданымыздан да дәрігерлерге арналған аллеяның бой көтеруі біз үшін үлкен мақтаныш. Бүгінгідей қиын-қыстау шақта дәрігерлер қолдан келгенше еңбек ететін боламыз. Алда жарқын болашақ, керемет келешек күтіп тұр. Мен соған сенемін,-деді.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.