Сайрам ауданында жылына 10 тонна ет өндіретін кооператив жұмыс істейді

0

Түркістан облысы Сайрам ауданында жылына 10 тонна ет өндіретін «Ет Агро Манкент» кооперативі жұмыс істейді. Кәсіпорын мал бордақылау, ет өндіру, мал сою және ет сақтаумен айналысады. Мұнда бір мезетте мың басқа арналған мал сою алаңы, заманауи мұздатқыш камералар бар. Ал өндірістік мекеменің инвестициялық көлемі 150 млн теңгені құрайды.
Кооператив басшысы Фарукжан Ирсаливетің айтуынша аталған мекеме жұмысын 2014 жылы бастаған, бүгінде оған 21 адам мүше. Басшының сөзінше кәсіпорын іске қосылу үшін 21 адам қаражат құйған. «Сол кезден субсидия алдық. Соның нәтижесінде кәсіпорын даму жолына түсті», — дейді.
Аталмыш кооператив жылына 10 тонна ет өндіруге қауқарлы. Экологиялық таза өнім Шымкент қаласынан өзге Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау қалаларына жөнелтіледі. Ет сапасы арнайы зертханада қаралады.
Кооператив басшысы қазіргі уақытта мал бордақылайтын ауқымды орын іздестірілуде екенін айтты. Оның сөзінше еуропалық стандартқа сәйкес 5 мың мал соятын орын салу жобасы назарға алынған.
Атап өтерлігі Сайрам ауданында 50 бірлік кооператив құрылған. Ал Түркістан облысы ет өндірісі бойынша республикада көш бастап тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.