Орман қоры жерлерінде мал жаюдың да өз қағидасы бар

0

Бүгінгі таңда қоғамда орман заңдылығын бұзушылық белең алып отырғаны өкінішті, әрине. Заң  жүзінде салынған айыппұлмен сот үкімімен кесілген жаза көлемі де аз емес. Бұл жағдайлардың орын алуы азаматтардың заңдық сауаттылығының аздығынан ба дейсің кейде!? Олай болуы да заңды. Өйткені, қоғамда әлі де болса дала заңының ережелері сақталып қалған. Қазіргі уақытта заңдық сауаттылықты әркім өзі үшін жетілдіруі керек. Сондықтан, біздің тараптан тұрғындар арасына азда болса пайдасы тиер құқықтық қамтамасыз етудің артықшылығы болмас. Иә, олардың ішінде мемлекеттік орман қоры учаскелерінде бәріне белгілі шөп шабу мен мал жаю қағидалары бар. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы №18-02/909 бұйрығымен бекітілген болатын.

Аталмыш заңда мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаюға жарамды жерлерді айқындау тәртібі баса айтылады. Нақтылап айтар болсақ, мал жаюға болатын учаскелерді мемлекеттік орман иеленушілері нақтылайды.  Мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда мал жаюға шалғай, жолы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда ерекше жағдайларда жол беріледі.  Сондай-ақ, сол жерлерді шөп шабу мен мал жаю үшін пайдалану тәртібі де көрсетілген. Яғни, бұл тәртіп жайылымдық жерлерді неғұрлым тиімді пайдалана отырып, ондағы шөптердің шығымдылығын арттыру және топырақ құнарының құрып кетпеуін болдырмау мақсатында енгізіледі.

Расымен, кейде тұрғындар тарапы бұл мәселеге келгенде бейқамдылық танытып, бейжай қарап жатады. Соның салдарынан қорадағы малының тыйым салынған жерлерде жайылымға жіберіп қою мәселесінің кездесіп жататындығы тағы бар. Әсіресе, аудан орталықтарында тұратын тұрғындардың арасында дәл осы жағдайға келіп тіреліп жатады. Әрине, бұнымен оқта-текте болса да, ел ішінен кездестіріп қалып жатамыз. Мұндай да тұрғындардың ашық жатқан алаңқайдың барлығын жайылымдық жер деп түсінуі қате түсінік. Өйткені, дәл сол жер мемлекеттік аумақ болуы да мүмкін. Сонымен қатар, белгілі бір орман жерлерінен мал жаю үшін арнайы алаңдар айқындалып көрсетілетіндігіне тоқталып өтейік. Өйткені, табиғи аймақтар жартылай шөлейт және шөлейтті, далалы және таулы болуы мүмкін. Сондықтан сіз жайылымға жіберетін үй жануарларының әр түріне арнайы жайылымдық жерлер өлшеммен анықталады. Мәселен, жартылай шөлейт және шөлейтті жерлерде, ол біздің Қосқұдық мемлекеттік орман қорында қой, ешкі және ірі қара малдардың әр басына 7 гектардан берілсе, жылқы малына 5 гектардан берілмек. Бұны біз табиғат дүниесін сақтау да,оның жойылып кету қаупін алдын алуда жасалып жатқан дүниелер деп түсінгеніміз абзал. Сондықтан, дәл осы заңды негізге ала отырып, шектен шығып кетпесе дейміз. Бір жүйе болмаса ол аумақтардың жойылып кету қаупі басым.

Тағы бір ескере кететін жайт, орман жерлерінен мал жаю үшін алған учаскелерін сатып алу-сату, кепілге беру, өз бетінше иелену мен айырбастау, өз бетімен басқа біреуге беруге жол берілмейді. Өйткені, мемлекеттік орман қоры жерлері тек қысқа мерзімге беріледі және орман пайдаланушының жекеменшігі болып табылмайды. Кейбір орман пайдаланушылар төлеген төлемақыларын жердің салығы деп есептейді. Бірақ ол жердің салығы емес, Жамбыл облыстық мәслихатының «Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес жайылымдық жерді пайдаланғаны үшін төлемақысы.

Тұрғындар бұл мәселені ықыласпен қабылдаса игі болар еді. Яғни, аталған тыйымдар мен ескертулерді ескеріп, заң  аясында шешілсе дейміз.

Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау

жөніндегі мемлекеттік мекемесі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.