Сыбайластықтың алдын алу әрекеттері жүргізілді

0

Шу ауданындағы түрлі салада қызмет көрсететін мекемелерді сыбайластыққа қарсы мәдениетке тәрбиелейтін  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес айына бір рет толық тексеру жүргізіп, оны талқылау үшін мекеме басшыларымен жиын өткізіп отырады.

Осы аптада кеңес төрағасы Т.Халық және кеңес мүшелері жиналып, аудан әкімдігінің білім бөлімі, бөлімге қарасты білім беру мекемелерінің директорларымен кездесті. Тұрсынбай Нұрғалиұлы өзінің жұмыс кабинетінде алдымен «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы мен Елбасының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауының тоғызыншы бағытындағы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» бойынша іске асырылып жатқан жұмыстар барысы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Аталмыш қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары С.А.Мамедахунова мектептердегі  әсіресе, шалғай жатқан елді мекендердегі мектептердің асханаларын, қазандығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық хабарламаларды осыған дейін тексеріп, кездескен кемшіліктерді түзеу қажеттігін жиын барысында атап өтті.

Осыдан кейін кеңес мүшелері Ақсу ауылдық округінің әкімі Т.Итекеевті қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдады.

Жиын соңында Т.Халық қатысушыларға Мемлекет басшысы жариялаған Жолдау мен биылғы жылы аталып өтетін мерейлі даталар жайына тоқталып, жиынға қатысушыларды олардың жүзеге асуына атсалысуға шақырды.

Б.ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.