Ардагер ұстаз атындағы турнир өтті

0

Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында орналасқан №5 Жаңатас колледжінде ардақты ұстаз Қойшыбек Иманбекұлы Оралбековті еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған турнирді Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Келесі кезекте колледж директоры Мереке Стамбеков сөз алып, ардагер ұстаз Қойшыбек Иманбекұлы жайлы орамды ойларымен бөлікті. Сонымен қатар, Саудакент ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Арқабай Төлмағанбетов сөз алып, естеліктерімен бөлісті.

Жарысты Қойшыбек Оралбеков әулетінің атынан ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері Ақсәуле Иманбекова алғы сөзбен ашып, дүбірлі доданы бастап берді.

Қойшыбек Оралбеков – «КСРО Кәсіптік-техникалық білім беру ісінің озық қызметкері» төс белгісімен, сондай-ақ, Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Ұзақ жылдар бойы  №5 Жаңатас колледжі директоры қызметін абыроймен атқарған.

Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды аудандық «Балалар жасөспірімдер спорт мектебі» иеленсе, ІІ орынға «Жаңатас көпсалалы колледжінің» командасы лайық деп табылды. Ал, І орынды және турнирдің ауыспалы кубогін «№5 Жаңатас колледжінің» волейболшылары иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.