Ардақты ананың ақ батасын алды

0

Халқымыздың ең орнықты, оралымды ойға жетелейтін, мағыналы қағидасының бірі – үлкенге құрмет көрсету. Бұл ретте ел демографиясы мен қатар экономикалық, әлеуметтік дамуында да елеулі үлес қосқан аналар қашанда барлық сый-құрметке лайықты.

Жалпы, киелі Әулиеата өңірінде жыл сайын көп балалы отбасыларының қатары артып келеді. Бұл қатардан Сарысу ауданы да қалып келе жатқан жоқ.

Қазіргі уақытта болашаққа үлкен жауапкершілікпен қарап, аянбай еңбек етіп, отбасының ұйытқысы болған аналарымыз күннен-күнге көбеюде. Сонымен қатар бүгінгі таңда көпбалалы отбасыларына әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету жүйесінде де тың серпіліс бар. Сондай-ақ,батыр аналарымыздың орта, жас буын тәрбиелеудегі маңызы да орасан.

Осындай батыр аналарымыздың бірі, тыл ардагері 91 жастағы Ұ.Сыздықбайұлы ауылының тұрғыны Унзила Мұқышеваны Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Имашев пен Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Оңласын Мұқашев құттықтап, сый-сияпат көрсетіп қайтты.

Батыр ана болашақ ұрпақтарына тек жақсылық, елге тыныштық тілеп, ақ батасын берді.

Науан наурыз береке мен мерекеге толы ай. Ал Табиғат Анамен бірге тіршіліктің тізбегін тектілікке жалғап келе жатқан аналар барда өмірдің әр күні мереке десек асып айтқандық болмас. Сондықтан қашанда ырыс-құттың ұйытқысына телитін нәзік жандылардың мерекесі мейірім мен махаббаттың, сұлулық пен жылулықтың, ілтипат пен ізгіліктің салтанатты сәті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.