Әдеп жөніндегі уәкіл мемқызметшілермен кездесті

0

Сарысу ауданы әкімі аппаратының әдеп уәкілі мемлекеттік қызметшілер мен жұмыскерлерге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын, сонымен қатар, үстеме жұмысқа тартудың тәртібін сақтау бойынша түсіндіру жүргізді. Маңызды жиынға Жаңатас қаласы әкімі аппараты, аудан әкімдігінің қаржы бөлімі, аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Басқосу барысында артық жұмыс жасауды жою бойынша кешенді шараларды қабылдау, яғни мемлекеттік органдарда «икемді жұмыс кестесі» режимін енгізуді қарау,жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметшілердің кіру және шығу уақытын есепке алатын қолжетімділікті есептеу және бақылау жүйесін орнату, өзге де үстеме жұмыс жасаудың алдын алатын және оған жол бермейтін басқа да тиімді шараларды қабылдау жөнінде айтылды. Осындай мақсатта әдеп уәкілімен мемлекеттік қызметшілер арасында сауалнама жүргізіліп, олардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.