Азық-түлік жеткізушілермен танысты

0

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев бүгін тұрақтандыру қорына көкөніс, азық-түлік жеткізуші болып табылатын бірқатар шаруа қожалықтардың қоймаларына арнайы барып, жай-күйімен танысты.

​Алдымен жеке кәсіпкер «Атыгаева» көтерме-тарату орталығының қоймасында болды. Аталған жеке кәсіпкер тұрақтандыру қорына ұн, қант, күріш, қарақұмық, күнбағыс майын жеткізумен айналысуда. Бұл мақсатта «Тараз «ӘКК» АҚ мен «Атығаева» ЖК арасында 3000 тонна ұн, 2777 тонна қант, 67 тонна күріш, 60 тонна қарақұмық және 51 тонна күнбағыс майын жеткізу үшін арнайы шарт жасалған. Шарт бойынша тауарды ұзақ уақыт жарамдылығын қамтамасыз ету үшін ол өз қоймаларында сақтауы тиіс. Кәсіпкерлік басшысы Бахталы Атыгаеваның айтуынша кәсіпкер қоймаларында 1575 тонна ұн, 2357 тонна қант, 63 тонна күріш, 54 тонна қарақұмық, 18 тонна күнбағыс майы бар. Бүгінгі таңда тағы төрт вагон ұн жеткізілуде.

​Бұдан соң Мұратхан Шүкеев тұрақтандыру қорына пияз жеткізумен айналысып отырған «Шарипов» шаруа қожалығының қоймасына барды Қазіргі таңда көкөніс қоймасында 230 тонна пияз сақтаулы.

​«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында 2646 тонна қант, 2969 тонна ұн, 50 тоннадан аса қарақұмы, 231 тоннадай күріш бар. Сут, қаймақ қорлары да бар. Картоп, сәбіз, қырыққабаттың да қажетті қоры сақталынған. Бұл қор аталған тауарлардың бағасы шекті мәннен асқан жағдайда сатылымға шығару көзделуде. Осы бағыттағы жұмыстар аудандар деңгейінде де атқарылуда»,-деді М.Шүкеев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.