Бақыт Қазанбасов әлеуметтік азық-түлік тауарларымен танысты

0

Бүгін Талас ауданы әкімі Бақыт Қазанбасов атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша ай сайын берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың азық-түлік тауарларымен танысты.
Атап айтқанда, 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға 7 түрлі азық-түлік, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 12 түрлі азық-түлік беріледі.

Қаратау қаласы бойынша 219 отбасындағы 362 балаға берілді. Ауылдық округтер бойынша 74 отбасындағы 128 балаға берілді. Азық-түлік алған отбасылар Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға дән ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.