Мықты отбасы – тұғырлы мемлекет

0

Жаңатас көпсалалы колледжінде «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында және отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Мықты отбасы – тұғырлы мемлекет» атты жастармен кездесу өтті. Кездесуге аудандық соттың судьясы Д.Кадерқұлқызы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы Л.Абдрахманова, медиатор А.Сабанбаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға инспекторы, психолог Ж.Қыстаубаева қатысты.

Кездесу барысында, аудандық соттың судьясы Д.Кадерқұлқызы «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жайлы толығырақ түсіндірді.  Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы Л.Абдрахманова некеге тұру және неке бұзу, хал актілерді тіркеу жайлы ақпарат берді. Медиатор А.Сабанбаев отбасының жанжалдық жағдайдағы алғашқы жасайтын қадамдар мен оларды шешу жолдарын айтты. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға инспекторы, психолог Ж.Қыстаубаева «Жанұя орталығының» қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Кездесуде жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, жастар аталған жобаны қолдап, алдағы уақытта отбасы құндылықтарын, жанұя бірлігін берік сақтап, егеменді еліміздің тұғырлы мемлекет болуына өз үлестерін қосатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.