Өнері өрге жүзген өрен

0

Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі. Жастарды оқуға бейімдеп, түзу жолдан тайдырмау, санаға сәуле шашар білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар екені белгілі.

Болашақтың іргетасын қалайтын балғындардың әрбір жеткен жетістігі – біз үшін үлкен қуаныш. Бүгін де жетістікке жетіп, өзінің дарындылығымен мектеп мақтанышы болып жүрген жастар бар. Олар ертеңгі күні елдің көзайымына айналары сөзсіз. Сондай жастардың бірі Ұйым елді мекені, Ы.Сүлейменов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Алуа Айхан.

Алуа мектепте өте алғыр, өз ісіне ұқыпты, барлық сыныптан тыс жұмыстарға белсене атсалысады. Білмегенін білгенше асығатын және өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын белсенді оқушы. Ұстаздарының сүйікті шәкірті, мектеп үздігі және ол қоғамдық жұмыстарға белсенді араласумен қатар, берілген тапсырмаларды тыңғылықты атқарады. Саудакент ауылы Балалар саз мектебінің домбыра сыныбын бітірген.

Мектепте, ауданда, облыста, Республикада өткізілген сайыстар мен байқауларға қатысып, жеткен жетістіктері мен алған мақтаулары жетерлік. Атап айтар болсақ, Республикалық Білім беру министрлігінің ұйымдастырған «Русский медвеженок – языкознание для всех» байқауының сертификат иегері, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жария-лауына орай және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларды жүзеге асыру мақсатында өткізілген республикалық «Jas daryn art  Kazakhstan» байқауына қатысып, аспапта орындау жанры бойынша жүлделі орынмен марапатталған. Сондай-ақ, бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында өткізілген 1-республикалық «Talents of  Kazakhstan» өнер және білім байқауында «Аспапта орындаушылық» жанры бойынша бас жүлдені жеңіп алса, аудандық «Атадан қалған мұрамыз» байқауларында жеңімпаз атанған. Сонымен қатар, пән олимпиадаларының, интернет арқылы өткізілген қашықтық олимпиадаларына да қатысып, өзінің алғырлығы мен білімділігін көрсете білді. Биыл 9-сыныпты үздік бағалармен бітіріп, 10, 11-сыныптарда оқуын жалғастырып, өзі армандаған, таңдаған мамандықтың иесі атанып, туған жерінің, Отанының гүлденуіне, өркендеуіне өз үлесін қоссам деген үміті бар. Біз де өз кезегімізде өнерлі де талантты қыздың келешегіне сәт-сапар тілей отырып, «Қанатың талмасын Алуа» дегіміз келеді.

Камели Сүлейменова

Leave A Reply

Your email address will not be published.