«Nur Оtan»-дықтар аудандық турнирде бақ сынады

0

1 наурыз — «Nur Оtan» партиясының құрылған күніне орай партия аудандық филиалының ұйымдастыруымен партия Сарысу аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдары арасында волейболдан турнир өтті.

Турнирде аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев, «Nur Оtan» партиясының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Тыныштық Бектөреева құттықтау сөз сөйлеп,  спортшыларды  мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі.  Сонымен қатар «Nur Оtan»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Есмұрзаев партия күніне орай бірқатар партия белсенділерін марапаттады.

Турнирге 16 бастауыш партия ұйымдарынан 16 команда қатысты. Нәтижесінде, I орынды «Наурыз», II орынды «С.Мұқанов», III орынды «Түркістан» бастауыш партия ұйымдары иеленді.  Жеңімпаздар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен бірқатар ойыншылар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, «Nur Оtan» партиясы  1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылды. 2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен X съезінде, «Отан» Республикалық саяси партиясын «НҰр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.