Республикалық акция аясында поэзиялық подиум өтті

0

Жаңатас көпсалалы колледж кітапханасы мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына таңдап алынған қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі Әбділда Тәжібаевтың шығармаларына арналған «Жұлдыз шашқан жырлар» атты колледж студенттерінің қатысуымен поэзиялық подиум өтті.

Іс-шара барысында Ә.Тәжібаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы бейнесюжет көрсетіліп, қалың оқырман жазушының шығармаларын Тұманбай Молдағалиевтың «Әбілда ағаны ойлағанда» атты арнау өлеңін Оңғарова Арайлым, Күләш Ахметованың «Алтын жаңбыр» атты Әбілда Тәжібаевқа арнау өлеңін Аяулым Наймантайқызы, ақынның «Қазақстан» атты өлеңін Анель Жақсыбекова, «Алатау» өлеңін Балгерім Халықова, «Тынықсын тимеңдер адамға» атты өлеңін Шолпан Амансейт, «Көктем» атты өлеңін Айпері Тамаш жатқа оқыды.

Ал қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Р.Рахимова, кітапханашы Сандуғаш Абдирова Әбілда Тәжібаевтың пьеса, драмалары жайлы кеңінен әңгімеледі.

Сонан соң «Дәуірдің дара ақыны» кітап көрмесіне кітапхана қызметкері І.Саспақова библиографиялық шолу жасады.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының, ҚР кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан  «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды  оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.