Аудандық сотта маңызды семинар өтті

0

Сарысу аудандық соты аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында «Сот органдарынан келетін ресми құжаттарға апостиль қою» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға сот кеңсесінің меңгерушісі Г.Несіпбекова, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы А.Әлібекова, Ж.Сушина, HR менеджері Б.Абжапаров, сот мамандары және қала тұрғындары қатысты.

Семинар халыққа «Әділет органдарынан келетін ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі туралы өзекті ақпаратты ұсыну мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында сот кеңсесінің меңгерушісі Г.Несіпбекова «Сот органдарынан келетін ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарттарын толық түсіндірді.

Single Sign-On технологиясы арқылы апостиль қою туралы өтініш «Сот кабинеті» сервисіне түсіп, онда өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік бажды төлеу, басқа құжаттарды бекіту бойынша функционал іске асырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесi: құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама немесе қызмет алушының «жеке кабинетінде» порталға бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі.

Іс-шара соңында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы А.Әлібекова eGov.kz порталында сотталмағандығы туралы анықтаманы апостильмен қалау алуға болатынын көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.