Короновирустың алдын алу 

0

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бекітілген 03.02.2020 ж №2 және 26.02.2020 ж №9 қаулысына сүйене отырып, әлемдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиялық  жағдайдың сонымен қатар инфекцияның таралуы мен оның алдын алу іс-шараларын және денсаулықтарыңызды сақтау мақсатында келесі профилактикалық іс- шараларын ұстануды сұраймыз.

Коронавирусты инфекцияның негізгі белгілері:

-Дене қызуының көтерілуі;

-Жалпы әлсіздік;

-Сүйек жане буындардың ауруы;

-Бас ауруы;

-Мұрын бітелуі;

-Жұтыну кезіндегі ауырсынуы;

-Түшкіру;

-Жөтел;

-Жүрек қағысының жиелеуі;

 Осы белгілер байқалған жағдайда, дереу дәрігердің көмегіне жүгінуіңіз қажет.

Коронавирустан қалай қорғануға болады:

-дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу;

-үй жайды кемінде 2 рет желдету;

-күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;

-қолды сабынмен жиі жуу;

-жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын пайдалану;

-аурудың белгілері  пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру;

-жөтел әдебін сақтау  (қашықтықты сақтау, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе  киіммен жабу және қолды жуу);

-Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармай медициналық көмекке уақытылы жүгінуі керек;

-1406 телефоны арқылы  қол жеткізілмеген медициналық көмек туралы хабарлауыңызға болады.

 М.Саулебаев,

Шу аудандық тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау басқармасының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.