Жаңартылған бағдарлама: ізденіс және тәжірибе

0

«Жамбыл-Өрлеу» институты «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрларының біліктілігін  арттыру курсын 2020 жылдың 24 ақпаны мен 2 наурыз аралығында Шу ауданының тарих пәні мұғалімдеріне курс ұйымдастырды.

Курс  тренері Бибі Арғынбайқызы.  Курстың мақсаты — «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мен тарих пәні мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Курс барысында мұғалімдер оқу мақсатына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесі мен тапсырмаларды бергенде белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып  және оқушылардың дағдысын дамыта отырып сабақтар өткізіп,  мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді.

Мұғалімдер теориялық білімін практикамен ұштастырып жетілдіруде жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізіп, оқу бағдарламасының мақсатын, міндетін, құрылымы мен мазмұнын және   критериалды бағалау жүйесін қолдануды түсінді.

Белсенді әдістер арқылы саралау тапсырмаларын  құрастыруды айқындап, мұғалімдердің зерттеу және жоба жұмысын орындау дағдылары қалыптастырылды.

Осы курс бойы тыңдаушлар жинаған дағдыларын мектептерінің оқу үдерісінде тиімді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын аудан деңгейінде көтеруіне септігін тигізеді.

Тұрсын Кадыр,

Төле би атындағы орта мектептің директоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.