Алғыс айту күнін айрықша атап өтті

0

Сарысу ауданының тұрғындары Алғыс айту күнін атап өтті. Мерекелік шараға аудан әкімі Қанатбек Мәдібек арнайы қатысты. Салтанатты жиын барысында сөз аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеевке берілді.

Содан соң Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты шығармасынан театрландырылған көрініс қойылды.
Көріністің жоғары дәрежеде ұйымдастырылғаны сонша, жиналғандар күннің ызғарын елемей, көріністен керемет әсер алып, қилы тарихтағы қиын күндерді еске алып, көздерін жас та алып жатты.

Келесі кезекте ынтымағы мен бірлігі жарасқан бір топ бауырлас ағайын мерекемен құттықтау үшін сахна төріне көтерілді. Тілі өзге болса да тілегі бір, өзге ұлт өкілдері өз тілері мен қатар қазақ тілінде де сөйлеп, Отанға деген алғыстарын жеткізді.

Сарысу топырағынан нәр алып, суынан сусындап өскен, бір дастарханнан дәм татып, қызметте де бірге жасасып жүрген  этномәдени орталықтардың өкілдері әннен шашу шашты.

Осы күні ауданның барлық аумақтарында кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты қарияларға сый-сияпат жасалыпп, тегін азық-түліктер таратылды.

Осылайша, достық пен ынтымақ, бірлік пен тірлік, ән мен жыр айтылған айтулы күнді 30-ға жуық ұлттар өкілдері өмір сүріп жатқан Сарысулықтар керемет көңіл күйде қарсы алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.