Ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 28 ақпан ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 174 жыл толу құрметіне бүгін аудан орталығындағы Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы алдындағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып тағзым жасалды. Бұл шараға Нұротан партиясы Мойынқұм аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Көшкімбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев қатысты. Жиында Жүз жасаған ақынның өмір тарихы жайлы айтылып, жырлары жырланды.Мектептің залында «Жыр алыбы Жамбыл» ақын жайлы лицей оқушылары дайындаған көрініс қойылып Жамбыл атамыздың өшпес өлеңдері мәнерлеп оқылды.Артында қалған мол мұра өскелең ұрпақ тәрбиесіне берері мол екені сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.