Жастар тәрбиесінде ақсақалдардың алар орны ерекше

0

Шу ауданының орталығы Төле би ауылындағы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде ұлтаралық келісім бойынша халықпен жүздесу болып өтті.

Жиында сөз алған Шу ауданының «Құрметті азаматы»Т.Омбаев: «Ауылымыздың ұлтаралық келісімі, ынтымағы бір қалыпты. Жастарымызды ауыл ақсақалы болып тәрбиеге шақыра білейік. Жастарымызға саналы тәрбие берейік» – деп бірлік бастауын жастарға қариялық ақылмен айта білейік деп жеткізді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Д.Байбатшаев аудан халқының ынтымақшыл, бейбітсүйгіш екенін айтып өтті. «Навроз» күрд мәдени орталығының төрағасы Ү.Алиев барша аудан халқын елді,жерді құрметтеуге шақырды. Түрік ұлтының өкілі,ауыл ақсақалы М.Жалалиев ұлтаралық қатынасымыз мықты болу үшін жастарға имандылықты, тәрбиені насихаттауымыз керек деп оз ойын жеткізе білді. Аудан тыныштығын тіледі.
Жиын соңы ауызбіршілік салтанат құра берсін деген ниетпен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.