Бағдарлама аясында 10 ауылда жұмыс жүруде

0

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтты.
«Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту үшін — «Ауыл — ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті», — деді Мемлекет басшысы.
Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес Сарысу ауданы бойынша «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Саудакент және Жайылма елді мекендері — тірек елді мекендер ретінде, Жаңаталап, Ұйым, Игілік, Өндіріс, Қызылдихан, Маятас, Ақтам, Әбілда елді мекендері спутниктік елді мекендер ретінде айқындалып, іріктеліп алынды.
2020 жылдың бюджетіне Саудакент тірек елді мекені бойынша 831,4 млн. теңгенің 24 жобасы ұсынылды.
Олар;
— «Ақбота» балабақшасы ғимаратын күрделі жөндеу;
— елді мекендегі 22 негізгі көшенің жол жабындыларын орта жөндеуден өткізу;
— Саудакент ауылындағы спорт кешені құрылысы.
2020 жылдың бюджетіне «Ақтоба» балабақшасы ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 234,7 млн.теңге бөлінді.
Саудакент елді мекеніндегі 22 негізгі көшенің жол жабындыларын орта жөндеуден өткізу жұмыстары мен осы елді мекенге спорт кешені құрылысын және Ұйым ауылындағы Мұратбаев көшесні орта жөндеуден жүргізуге қажетті қаржысы алдағы Республикалық бюджетті нақтылау барысында бөлінетін болады.
Сонымен қатар Жанаталап ауылындағы Жанаталап орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары мен спорт зал құрылысы жұмыстарының жобалық –сметалық құжаттарының мемлекеттік сараптамасы дайын болса, тиісті қаржысы да Республикалық бюджетті нақтылау барысында бөлінетін болады.
2023-2024 жылдары Жайылма тіректі елді мекені мен спутниктік елді мекендерге (Игілік, Өндіріс,Қызылдихан, Маятас, Ақтам, Әбілда) қаржы бөлінетін болады, яғни дамитын болады.
Осы бағдарлама аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдардың қарқынды дамитыны сөзсіз. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.