Ауғанның отты жалыны

0

Биыл Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін мойынқұмдық тұрғындар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына арналған ескерткіш маңына жиналып, жат жерде опат болған ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Жиында аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев, жеке кәсіпкер Шәймерден Исабеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Сатыбалдиев, Ауған соғысының ардагері Нәметхан Меркібаев Ауған соғысының басталу тарихы, оның адамзат тарихына, қоғамға тигізген зардаптары жайында сөз етіп, Ауған соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ аудан бойынша, Ауған соғысына қатысып бейбіт күнде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған естелік-тақтайшаның ашылу рәсімі өтті. Мұнан соң жиналған қауымға Жамбыл мектеп-гиназиясының оқушылары Ауған соғысы құрбандарына арналған әдеби монтаж жасады. Шара соңында тұрғындар ауған соғысы ардагерлерімен ескерткіш маңында естелікке суреттерге түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.