Байқаудан олжалы оралды

0

Қазақ тәрбие тал бесіктен деп, баланың былдырлап тілі шыға бастағаннан-ақ ұлттық құндылықтарды санасына сіңіреді. Жаһандану заманында ата-аналар тәрбиенің тізгінін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мойнына артты. Бүгінде балабақша тәрбиенің алтын бесігіне айналды. Тәрбие мен білімді қатар беру жолында үлкен ізденісте жүретін жандардың бірі — балабақшаның тәрбиешілері. Бүлдіршіндердің бойындағы талантын оятып, әр қырынан озық көрінуге барын салатындар да тәрбиешілер.
Соның бір дәлелі, жуырда ғана «Әсия-Әлемі» ЖШС бөбекжай бақшасының қазақ тілі маманы Сузанна Есеева даярлық топ балаларымен «Тіл — халықтың қазынасы» атты республикалық байқаудан бірінші орынды иеленіп қайтты. Сондай-ақ, бөбекжайдың директоры Л.Маханбетқызы, әдіскер Г.Сембайқызы, хореограф А.Тұрсын және «Мұзбалақ» ертегісін жоғарғы деңгейде сахналаған бүлдіршіндер Алғыс хатпен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.