Биыл 700 шақырымға жуық автожол жөндеуден өтеді

0

Ағымдағы жылы Жамбыл облысы аумағындағы 692 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде хабарлады.

Өңір басшысының айтуынша, 668 шақырым автожол орташа жөндеуден өтеді деп, 6,1 шақырымдық жол қайта жаңартылса, 18 шақырымдық жаңа жол салынады деп көзделуде.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесі 90% — ға жетуі тиіс.

Сондай-ақ, жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мақсатында 100 жаңа автобус сатып алу, электронды билеттеу жүйесін енгізу жоспарлануда.

Жалпы, жыл соңына дейін аймақтағы жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі облыстық жолдардың үлесі 90 пайызға жетуі тиіс.

Сонымен қатар, жолдағы қауіпсіздікті және жолаушылар тасымалының мәдениетін арттыру мәселелеріне айрықша назар аударылмақ.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.