«Қауіпсіз  мектеп автобусы» республикалық акциясы өтуде

0

Аудан бойынша ағымдағы жылдың 15 қаңтар — 15 ақпан  аралығында «Қауіпсіз  мектеп автобусы» республикалық  акциясы өткізілді. Аталған акция  аясында  әр мектепте  бұйрықтар шығарылып, іс-шара  жоспарлары  жасалып,  жоспарға сәйкес  аудан мектептерінде  жолда жүру  ережелері тақырыбында  бұрыштар  жаңартылды, көркем плакаттар, буклеттер, тартпалар  және ақпараттық бұрыштар жасалды. Жергілікті  «Шу өңірі» газетінде аталған  акция  бойынша «Қауіпсіз автобус»  тақырыбымен мектептер атынан мақалалар жарияланды.

Жоспарға сәйкес 1-4 сынып  оқушыларына  жолда жүру  ережелерін  меңгерту мақсатында «Бағдаршам» атты 74 көрініс,  117 сурет байқауы,  425 тәрбие сағаттары  өткізілді.

«Қауіпсіз  мектеп автобусы» туралы мәліметтер   фейсбук парақшасында 30 рет, сайтта 20 рет жарияланды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол ережелерін үйрету мақсатында дәлізде бейнебаяндар көрсетілді.    Барлық сынып  бөлмелерінде жолда жүру  ережелері тақырыбындағы  бұрыштар  жаңартылды. Сынып  жетекшілер  өткізілген сынып  сағаттарында балалардың  әр уақытта  сақ және  жолда  мұқият  болуға, жол ережелерін  бұзбай  жүруге, тәртіпті  сақтауға шақырды. Мектептердің жоғарғы сынып  оқушыларына медбикелер жол апаты болған  жағдайда  алғашқы дәрігерлік жәрдем  көрсетуін  үйретті.

«Жол ережесін біліп жүр, жасөспірім!» тақырыбында  әр сыныпта бірыңғай тәрбие сағаты жүргізіліп, 15 қаңтар — 11 ақпан   аралығында  Шу АІІБ –нің қызметкерлерімен бірлесіп «Абайла, жасөспірім!» тақырыбында 25 мектепте түсіндірме жұмыстары өткізілді.

«Қауіпсіз  мектеп   автобусы»   республикалық  акциясы  аясында   8 елді  мекеннің  балаларды  тасымалдайтын автобустарының техникалық жағдайын және автобустардың толық жабдықталуына   аудандық ішкі істер бөлімі балалар және жасөспірімдер инспекциясының басшысымен  бірлесіп   автокөліктерге  бақылау жүргізді.

Тасымалдаумен қамтылған 8 мектептің оқушыларын тасымалдайтын   көліктің техникалық жағдайы мен тахографтардың бар болуы және олардың жарамдылығы туралы құжаттары тексеріліп, жүргізушінің  денсаулық жағдайы үнемі  тасымалдау алдында медбикенің тексеруінен өтіп отыратындығына көз жеткізді.

Аудан бойынша тиісті  мектебі   және   мектебі жоқ   8 елді мекендерде тұратын 322 оқушыға  тасымалдау  ұйымдастырылған.

Оқушыларға, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналарға арналған  қауіпсіздік техникалары бойынша нұсқаулықтар, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқу жаттығулары өткізілді.

М.Булекбаева,

Шу ауданы  әкімдігі білім бөлімінің бас маманы.   

Leave A Reply

Your email address will not be published.