Әскери қызмет – абыройлы міндет

0

Ауған соғысының аяқталғанына 31 жыл толу қарсаңында, әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандыру  және әскери оқу орындарына кандидаттар іріктеуге үгіт жүргізу мақсатында аудан орталығындағы Е.Бекмаханов, С.Шәкіров, М.Әуезов және М.Мақатаев атындағы орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының бастамасымен Төле би ауылындағы Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мектепте Ауған соғысы ардагерлеріне арнайы бұрыш ашылды.

Ауған соғысының ардагерлеріне арналған жиынға аталған орта мектептердің жоғары сынып оқушылары, Ауған соғысы ардагерлері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Т.Махамадиев, М.Теңізбаев, Ж.Дүйсебаев, Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Н.Бөден, сондай-ақ Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары Н.Медетбеков, Д.Мұхаметқалиев, Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланның әскери институтының курсанттары А.Бахыт, Б.Бахтыбай қатысты.

Жиын барысында баяндамашылар Ауған соғысы тарихы жайында сөз етті. Ардагерлер естеліктер айтып, қарулас достарын еске алды. Сондай-ақ Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Н.Бөден әскери оқу орындары туралы толық мағлұматтар берді. Өз кезегінде курсанттар да әскери институттардағы оқу барысы және курсанттардың тұрмыс-тіршілігі, болашағы туралы қысқаша айтып өтті. Ағымдағы жылы әскери есепке тіркелген жасөспірімдерге салтанатты түрде шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктері тапсырылды.

Салтанатты жиынды Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры А.Естаева қорытындылап, жиын соңы  концертке ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.