«Алқалы» аналар қатары артуда

0

350 мыңнан астам халқы бар Тараз қаласында алтын құрсақты аналар қатары артып келеді. Қала бойынша қазір күні 2539 «Алтын алқа», 1943 «Күміс алқа» иегерлері бар. Бүгін олардың қатары тағы да толықты.
Ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқаны үшін ақ жаулықты аналарды Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев қабылдап,ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес аналарға Алтын және Күміс алқалар табыстады.
– Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер, — деді құттықтау сөзінде қала әкімі Айтқазы Қарабалаев.
Іс-шара барысында ақ жарма тілектер айтылып, көп балалы аналар мемлекет тарапынан ана мен балаға жасалып отырған қамқорлыққа алғыстарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.