Халықты рухани дүниелерге үндеген жөн

0

Кеше кешкілік өткен облыс әкімдігінің аппарат жиынында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев халықты рухани дүниелермен сусындатуға шақырды.

  — Алда 1-наурыз бен  8-наурыз сынды мерекелер келе жатыр. Осы күндері ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырып, халықты бірлік пен ынтымаққа шақыратын шаралар өткізу қажет. Қордайдағы жағдай өз ретімен шешіледі. Қазір 50 пайыз балалар мектепке оралып, жағдай тұрақтанып келеді. Сондықтан бізге халықтың назарын  басқа арнаға аударып, ұлттық, рухани дүниелер көп ұйымдастыруымыз керек, — деді Б.Сапарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.