Жамбылда электр қондырғыларын жаңарту жұмысы жүйелі жүруде

0

Дүниежүзілік Банктің Doing Business 2017 жылға арналған есебіне сәйкес  «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан 75 орынға ие болды. «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша  Қазақстан Әзірбайжан (105-ші орын), Болгария (104-ші орын), Қытай (97-ші орын), Канада (108-ші орын), Қырғызстан (163-ші орын), Украина (130-шы орын) алған елдерді басып озды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үдерістерін оңтайландыру бойынша бірқатар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үдерістері жөнінде электр энергетикасы саласындағы заңнамасына өзгерістер енгізілді, осыған орай бірқатар  рұқсат алу үдерісі жойылды (құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алу, электр желілеріне қосылуға рұқсат алу, энергетикалық сараптама алу қажеттілігі ), сондай-ақ  тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру мерзімі, электрмен жабдықтаушы ұйыммен электр жабдықтауға шарт жасасу мерзімі де қысқартылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2018 жылдың 9 шілдесіндегі №272, «Табиғи монополиялар» туралы Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізілуіне байланысты, қазіргі таңға техникалық шарттарды беру мерзімі:– 5жұмыс күні болып белгіленді.  Жобалық шешімдерге келісім алу қажеттілігі қысқартылды. Жоғарыда айтылған қызмет түрлерін тұтынушылар электр таратушы мекемелердің кеңсесі, мемлекеттік корпорация, «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы алуларына болады. Осы орайда атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің бөлім басшысы Төкен Жұманқұлмен сұхбаттасқан едік.

– Төкен Көшербекұлы, осы айтылған мәселелерге қойылатын талаптарды бұзушылықтарға қандай жауапкершіліктер бар?

– Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Электр және жылу желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тарту:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы салада сіздердің мекемемен тағы қандай жұмыстар атқарылуда?

– Электр энергетикасы саласындағы жүргізілген заңнамалық реформалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ  тұтынушыларды толыққанды ақпараттандыру мақсатында,  Департаментпен тұрақты түрде реформаларды жарықтандыру бойынша жұмыс, және де электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу заңнама талаптарының орындалу мониторингі жүзеге асырылады.

Мониторинг жүргізу шеңберінде энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электрмен жабдықтау желісіне қосылуға техникалық шарттарды беру мерзімі және тәртібі, сондай-ақ электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде ақпарат алынды.

Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша Департамент қызметкерлері энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкілдеріне электр энергиясын тұтынушыларға қызмет ұсыну шарттарын жақсарту бойынша ұсынымдар берді.

 Департамент электр энергиясын тұтынушылардың электр энергиясы сапасына, оның жеткізілуіне, сондай-ақ энергетика кәсіпорындарын электр желісіне қосылу бөлігінде электр энергетикасы саласындағы заңнама мерзімдерінің және талаптарының сақталуына қанағаттануын бағалау тұрғысынан айына бір пікіртерім жүргізеді.

– Осыған байланысты тұтынушылардың берген бағасы қандай ?

– Тұтынушылардың берген орташа бағасы:

— энергия беруші ұйымдардың қызметі бойынша техникалық шарттарды беру, жобалық шешімдерді келісу бөлігінде 5 баллдың 4,2 (жақсы) құрады;

— энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметі бойынша электрмен жабдықтау шартын  жасасу бөлігінде 5 баллдың 5 (өте жақсы) құрады;

— жалпы электрмен жабдықтау қызметтерінің сапасы бойынша 5 баллдың 3,9 (жақсы) құрады.

Еліміздегі электр өндіруші, электр таратушы мекемелердің қондырғылары 1960-1970 жылдары салынған, бұл күнде олардың техникалық жағдайы қалай ?

– Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша электр өндіруші, электр таратушы мекемелердің қондырғылары  тозу көрсеткіші 72%, соған қарамастан электр қондырғыларын жаңарту, жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеулер бойынша атқарылып жатқан облыс энергетиктерінің елеулі еңбегінің арқасында,  2017 жылдағы электр энергиясымен қамтамасыз етудің сенімділігі көрсеткіштері: CAIFI (1 жылда 1 тұтынушыға электрмен жабдықтаудағы үзіліс санының орташа көрсеткіші) – 1,68,     CAIDI (1 жылда 1 тұтынушыға электрмен жабдықтаудағы үзілістің ұзақтығының орташа көрсеткіші)  – 2,21. Екі жағдайда да электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткішінің нормативтік мәні – 4.       Сонымен қатар, электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткішінің нормативтік мәнін сақтамағаны үшін  энергия беруші ұйымдардың басшыларына 125 төменгі есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл енгізілді (ст. 300-1).

– Елбасымыздың 100 нақты қадам бағдарламасы бойынша сіздердің салада атқарылып жатқан қандай жұмыстар бар?

– Елбасымыздың 100 нақты қадам бағдарламасының 51-қадамында,  ӨҢІРЛІК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ (ӨЭК) ІРІЛЕНДІРУ белгіленген.

Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының төлем ақысын азайтады.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің реестрінде Жамбыл облысы бойынша 3 электр энергиясын таратушы мекеме тіркелген еді: «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-і, «Құлан-тазалық» МКК және «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы.

Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке, оның ішінде диспетчерлік технологиялық басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау бойынша жүргізілді.

«Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-і аталмыш талаптарға сәйкес. «Құлан-тазалық» МКК-ны бойынша атқарылатын жұмыстар жергілікті атқарушы органдардың құзырында. «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына ішінара тексеру жүргізу барысында  диспетчерлік технологиялық басқаруға қойылатын талаптарға сәйкессіздігі анықталып, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруге нұсқама берілді және айыппұл салынды, нәтижесінде «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің реестрінен электр энергиясын таратушы мекеме ретінде алынып тасталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.