Талапты бала – талпынған құстай

0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен,  1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсы өтті.

Конкрустың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Конкурстың негізгі міндеттеріне зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау , оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру кірді.

Аталған конкурсқа Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің 7 «Д» сынып оқушысы Байтұрсын Арайлым өзінің «Значение оросительных каналов  Шуского района» жобасымен қатысып, І дәрежелі дипломды иеленді.  Жетекшісі — география пәнінің  мұғалімі Мырзаханова Лаура Ауесханқызы. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары болса, оқушы бойына білім нәрі мектептен қаланатыны да белгілі.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім»,-деп баға берген екен. Елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында да білім мен  мектеп тұрады.

Ал, мектептептегі білім — барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы екені де шындық. Сондықтан да  бұл игі жеңіс басқа да оқушыларымыздың  шығармашылықта шыңдалуына шабыт болсын дегіміз келеді.

Жанат Шаңырақбаева,

 М.Мақатаев атындағы шағын орталықты

тірек орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі.

Шу ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.