Мектептің жеті қазынасы көпке үлгі

0

Күні кеше Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп-лицейінде «Бағалаудағы және оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы білім кепілі» атты аудандық семинар өтті. Аталмыш семинар аясында ауданымыздағы білім ошақтарынан келген ұстаздар Жібек жолы мектеп-лицейінің «Жеті қазына» әлеміне саяхат жасады.

Ұстаздар ең әуелі мектеп ауласында орналасқан метеорологиялық алаңмен танысып, одан кейін «Экологиялық орталықтың» ашылуына қатысты. Айта кету керек, аталған орталық мектеп ұжымы мен ауданымыздағы Балалар-жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығының бірлескен жобасы. Мұнда шығыстық ем қабылдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін көруге және табиғаттың таңғажайып көрінісіне куә болуға болады. Сонымен қатар, мектептің «Жеті қазынасына» жататын «Геоақпараттық жүйе» ғылыми орталығы, «Қысқы бақ» жобасы, «Оқушылардың қолөнері» шеберханасы, «Шебер сынып» пен «Жас ғалымдар әлемі» орталықтарымен танысты. Семинар барысында мектептің жас ғалымдары «Жас жігер» ұйымына қабылданып, бұл шара салтанатты түрде ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, ұстаздар түрлі тақырыпта ой қозғап, пікір алмасты.

Ерғали АСХАТҰЛЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.