Аудандық сот – сот жүйесінің негізгі буыны

0

Сот билігі қоғамда пайда болатын даулардың құқық негізінде шешілуін қамтамасыз ететін, барлық субъектілердің заңға бағынуын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Статистикалық мәліметтер бойынша аудандық сотпен 2019 жылдың 12 айында 137 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде үкім шығарумен 116 іс қаралған, 135 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылған, өндірістен қысқартумен 15 іс қаралып, оның 11-і бойынша медиация тәртібін қолданылуымен аяқталған, 2 жекеше қаулы шығарылған.

Аталған мерзім ішінде 1706 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 1060 іс бойынша сот шешімі, 438 іс сот бұйрығын шығарумен қаралып, 117 іс өндірістен қысқартылған, оның ішінде медиатор  көмегімен  барлығы 79 іс қаралған, бітімгершілікпен 4 іс аяқталған, 77 арыз қараусыз қалдырылған.

Сонымен қатар, осы мерзім аралығында 1162 әкімшілік іс қаралып, оның 1019 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарылған. Оның ішінде 41 тұлғаға ескерту, 364 тұлғаға айыппұл, 180 тұлға әкімшілік қамауға алынып, 248 тұлға жүргізуші куәлігінен айырылған. 140 әкімшілік іс өндірістен қысқартылып, 90 іс бойынша медиацияның қолданылуымен қаралған, 40 жеке қаулыларды шығарылған.

Сотта қаралатын дауларды, шиеленісті жағдайларды азайту, қоғамда адамдардың бір-біріне деген сыйластық, өзара келісім мәдениетін арттыру мақсатында, «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында  ауданымызда «Сотсыз татуласу орталығы» мен «Билер кеңесі» құрылды. Орталықта медиатор, психолог, адвокат, АХАЖ, Ақсақалдар кеңесінің, «Атамекен» ҚХА және ҰКП филиалының өкілдері, учаскелік инспектор және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор тұрақты негізде жұмыс істейді, халыққа дауларды және жанжалдарды соттан тыс реттеу бойынша қызмет көрсетеді.

Отбасылық дауларды  оңтайлы жолмен шешу, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету, отбасы құндылықтарын насихаттау және сақтау  мақсатында іске қосылған «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында көптеген жұмыстар атқарылуда. Ауданымызда аудан әкімдігі жанындағы  кәмелетке томағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жанынан отбасы мәселелері бойынша жұмыс атқаратын «Бастау» жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобының мақсаты отбасына ресурстық қолдау көрсету.

Есептік кезеңде отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша 392 азаматтық іс түсіп, 248 азаматтық іс бойынша  шешім шығарылды, 245 талап арыз қанағаттандырылып, 82 іс өндірістен қысқартылды, оның ішінде 71  іс бойынша медиация тәртібі қолданылған. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 181 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 42 іс бойынша 42 тұлға әкімшілік қамауға алынып, 15 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған, 25 тұлғаға ескерту берілген. 103 әкімшілік іс қысқартылған, оның ішінде 90 іс медиация тәртібімен қысқартылған.

Арызданған отбасыларына ресурстық қолдау көрсету мақсатында  Шу аудандық «Бастау» жұмыс тобына азаматтық істер бойынша – 46, әкімшілік істер бойынша — 2 ұйғарым жолданды.

«Бастау» жұмыс тобының атқарған жұмысының нәтижесінде 8 азаматтық іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласып, азаматтық істер қысқартылды, 20 азаматтық іс бойынша тараптар татуласудан бас тартқан, 18 іс бойынша жұмыстар атқарылуда.

Соттардың ұстанған негізгі бағыттардың бірі халықтың сотқа деген сенімін арттыру мен жариялылық болғандықтан, сот қызметі туралы, сот жүйесіндегі жаңа технологиялар туралы, қабылданған және өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамаларға түсіндірмелер бұқаралық ақпарат құралдарында, баспа басылымдары мен интернет ресурстарда жарияланып тұрады. Есепті кезеңде сотпен 13 дөңгелек үстел, 27 семинарлық сабақ өткізілген, газет  беттерінде 71 мақала,  Шу аудандық сотының және Жамбыл облыстық сотының веб-сайттарында 50 мақала жарияланған.

Қазақстан Республикасында сот заман талабына сай өзгеріп, даму үстінде. Осыған орай сот саласында көптеген реформалар жүзеге асырылды. Бұл реформалар сот төрелігінде орын алатын қайшылықтарды жойып, жүйені одан ары жетілдіруге бағытталған.

Қазақстанда дамыған сот жүйесін жетілдіре түсу арқылы еліміздің 30 дамыған мемлекеттің құрамына кіретініне сенімдіміз.

Ернар Жаманқұлов,

Шу аудандық сотының

төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.