Атқарылған жұмыстарға халық куә

0

Шу аудандық мәслихаты өз қызметін ұйымдастыруда ҚР Конститутциясында, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында және өзге де заң актілерінде, аудандық мәслихаттың регламентінде белгіленген өкілеттіктерді, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырып отырады.

Мәслихаттың 2019 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 12 айында мәслихаттың 4 кезекті және 14 кезектен тыс сессия өткізіліп, 94 мәселе талқыланса, олардың жоспарлы түрде қаралғаны — 11. Нәтижесінде мәслихаттың 94 шешімі, сессия төрағасының 37 шешімі  және мәслихат хатшысының осы кезеңге 131 өкімі қабылданды. Әділет департаментіне 16 шешім мемлекеттік тіркеуден өтті. Мәслихат қабылданған шешімдер мен өкімдерге ауданаралық прокуратура тарапынан наразылықтар түскен жоқ.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес «Аудан бойынша интернет (ғаламтор) байланысын жетілдіру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы», «2018 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы», «Дулат  ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы», «Аудандағы автомобиль жолдарының  жәйі, қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және оны жақсарту шаралары туралы», «Шу ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін атқарудағы мәслихат депутаттарының алдындағы есебі туралы», «Шу қаласы тұрғындарының үй маңындағы жер учаскелеріне ағын су жүйелерін ретке келтіру  жөнінде қабылданып жатқан шаралары туралы», «Аудан тұрғындарына әлеуметтік қорғау жұмыстары және 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы», «Ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал өнімінің сапасы және өнімділігін арттыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы», «Ақсу, Өндіріс ауылдық округтері әкімдерінің сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы» мәселелер қарады.

Мәслихаттың 2019 жылға арналған перспективалық жоспарына сай ауданның әлеуметтік-экономикалық даму  мәселелеріне қатысты ұзын саны 6 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, кезекті сессияда тұрақты комиссиялардың атқарған жұмыстары бойынша комиссия төрағалары І.Тортаев пен Ж.Әбеновтің есептері тыңдалды.

Шу қаласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қ.Сәтпаев көшесін орталық базардан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі аралығын кеңейту жолымен 4 жолақты етіп, күрделі жөндеу және басқа да негізгі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджетті нақтылау кезінде қаржы қарастыруға ықпал ету туралы Жамбыл облысының әкіміне хат жолданды, облыс әкімдігінің жауабы бойынша 2017 жылы жалпы ұзындығы 5,7 шқ құрайтын Шу қаласындағы С.Сейфуллин көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына  облыстық бюджеттен 163,7 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Орташа жөндеу жұмыстарының аралық мерзімі 4 жылды құрайды, ал Қ.Сәтпаев көшесін 2 жолақтан 4 жолаққа ауыстыру үшін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажет, бұл жұмыстарға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынуы тиіс.

Сондай-ақ, мәслихат депутаттары тарапынан Бірлікүстем, Алға ауылдарындағы 300 оқушыға арналған орта мектептердің құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінуіне ықпал жасау туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты А.Т.Нұралиев пен Мәжіліс депутаты Қ.К.Жабағиевке хат жолданды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауабы бойынша  нысанды қаржыландыру бойынша мәселені шешу Жамбыл облысы әкімдігіне тапсырылды. Қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

 Сонымен қатар, «ПГС Регион» ЖШС-ның басшылығына Шу қаласына қарасты Жанкулиев, Ақкербез және Төле би ауылына қарасты С.Мұсаұлы  көшелері газдандыру жоспарына енбей қалғандығы және осы көшелерге газ құбырларын тарту туралы хат жолданып, нәтижесінде Шу қаласына қарасты Жанкулиев, Ақкербез көшелеріне газ құбырларын тарту оң шешімін тапты.

Жалпы мәслихаттың қабылдаған шешімдері мен тұрақты комиссиялар қаулыларының орындалуы тұрақты бақылауда ұсталынуда.

Аудандық мәслихат депутаттары құзырлы мекеме басшыларына депутаттық сауалдар жолдап, оларды бақылау жұмыстары да тұрақты жүргізілуде. Жолданған депутаттық сауалдар бойынша атқарылған істер ауқымды. Мәселен, Еңбек ауылындағы Б.Оспанов көшесіне түнгі жарықтандыру және Мойынқұм ауылындағы Балуан Шолақ көшесіне қиыршық тас төселді. Төле би ауылында биылғы жылы «Ауылым — ел бесігім» бағдарламасы бойынша 24 көше асфальтталып, 11 көшеге түнгі жарықтандыру жүргізілді және Мәмбетбаев көшесі  жөнделді. Қонаев ауылындағы көшелер асфальтталып, түнгі жарықтандыру жүргізілді және өтпелі көпір жөндеуден өтті. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасынан Тасөткел су қоймасындағы 55 түтін орналасқан ауылға газ құбырын жүргізуге 200000,0 мың теңге қаржы бөлініп, магистралды газ құбыры тартылды. «Балдырған» бала бақшасының айналасы қоршалып, трансформатор орнатылды. Ақсу ауылдық округіне қарасты Оразалы тоғаны тазартылып,  «Қарабалта» өзеніне көпір салынды. Мәслихат депутаттары бірлесе отырып үйі өртеніп, мүлкі жарамсыз болып қалған Ақтөбе ауылындағы  көпбалалы отбасы С.Айтқалымбетовтерге демеушілік жасап, құрылыс материалдар алуға көмек көрсетті. Сонымен қатара, халық қалаулылары республикалық «Мектепке жол» акциясы, «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетті.

Сұлутай Бастаубаева,

Шу аудандық мәслихатынағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.