Шу қаласының әкімі сайланды

0

Үстіміздегі аптаның бейсенбісінде аудандық  мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабының 10  тармағына сәйкес, аудандық мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиевтің төрағалығымен Шу қаласы әкіміне кезекті сайлау өтті. Оған аудандық мәслихат депутаттарымен қатар, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері және кандидаттардың сенім білдірген  өкілдері, бақылаушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Бірінші кезекте аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Аймамбетов дауыс беру тәртібі туралы баяндаған соң, барлық депутаттар аудандық Мәдениет үйінің фойесінде  орналасқан дауыс беру пунктінде өз таңдауларын жасады.

Өзара ынтымақта өткен дауыс беру нәтижесінде  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Аймамбетов мәлімдегендей, басым дауыспен Жаңғарашев Садан Құрманұлы Шу қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.