Елдос Сметов «Grand Slam» турнирінің қола жүлдегері атанды

0

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Франция астанасы Париж қаласында өткен әлемдік «Grand Slam» турнирінің қола жүлдегері атанды.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін  дзюдошымыз қола жүлде үшін белдесуде (кіші финал) Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинді айқын басымдықпен ұтты.

Айта кетейік, Елдос Сметов жартылай финалға дейін Мохаммед Рашнонужадты (IJF), Янислав Герчевті (Болгария), ширек финалда Дашдава Амартушиннен  (Моңғолия) басым түсті. Алайда, отандасымыз жартылай финалда ресейлік Яго Абуладзеге есе жіберді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.