Үкіметтік комиссия мүшелері қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына көңіл айтты

0

Үкімет комиссиясы Әлжан ана ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды.
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ел басшылығының атынан оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді.
Бердібек Сапарбаев Дарханның қаза табуына кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынына сендірді.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов марқұмның туыстарының қайғыларына ортақ екендігін жеткізді. Сондай-ақ, отбасы үшін осы қиын күндерде берік болу керектігін, кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатындығын баса айтты.
Сонымен қатар Асқар Исабекұлы қаза тапқан азаматтың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, барлық қажетті көмектің берілетінін тілге тиек етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.