Бекерге дүрлігіп, берекемізді кетірмейік

0

Біржан Әлімбеков, Қордай аудандық Билер кеңесінің төрағасы.

Құрметті ағайын, орын алған жағдайға сабырмен, түсіністікпен қарайық. Бекерге дүрлігіп, берекемізді кетірмейік. Біз өткен ғасырлардан бері, бір тудың астында бақытты өмір сүріп келе жатқан елміз. Бір жастың жасаған теріс қылығына бола барша халықты кінәлап, күйе жағудан аулақ болайық. Әлі ақ, жағдай реттеліп, бұрынғдай өмір сүреміз деп ойлаймын.

Болған жағдайға байланысты ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың өзі шұыл жиын өткізіп, оқиғаға байланысты өз пікірін жариялады. Барлық кінәлілер анықталып, қатаң жазаға тартылатындығын ескертті. Сонымен қатар, зардап шекендер мен қайтыс болған азаматтардың отбасына көмек көрсетілетіндігінде атап айтты.

Біз қашанда үлкенді сыйлап, сөзге тоқтаған елміз ағайын. Абыройымызбен қәдір қасиетімізді, тектілігімізді сақтап қалайық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.