Мұсаев мойынқұмдықтар алдында есеп берді

0

Бүгін Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев аудан тұрғындарының алдында қорытынды есеп берді. Есеп беру жиынына облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев, облыс әкімі аппаратының инспекторы Жасөркен Жақсылық арнайы қатысты.

Аудан басшысы өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын саралап, алдағы міндеттерді де жеткізді. М.Мұсаев мәлімдегендей, жыл ішінде ауданның негізгі саласы өнеркәсіпте 68,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,0 млрд. теңгеге артса, жыл ішінде ауданға тартылған инвестиция көлемі 22,0 млрд. теңге болып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,0 млрд. теңгеге артқан. Сонымен қатар 2019 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алқаптар 5 304,8 гектарды құрап 2018 жылмен салыстырғанда 1 520,8 гектарға артты. Дәндік жүгерінің гектарына орташа түсімділігі 50,0 центнерден өнім алынып, барлығы 5825 тоннаны құрады, көкөніс және бақша дақылдарынан – 5725 тонна өнім алынғанын аудан әкімі М.Мұсаев өз баяндамасында айтып өтті.

Сондай-ақ жиында аудан тұрғындары өздерінің сауалдары мен ұсыныстарын жеткізіп, оған нақты жауаптар алды.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев, аудан әкімінің есебін оң бағалап, алдағы атқарылар бірнеше мәселелерге тоқталды

Leave A Reply

Your email address will not be published.