Ауылдарға ауызсу жетіп, «көгілдір отын» кіргізіледі

0

Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков аудан халқының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, есеп берді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысқан есепті жиында Нарбай Әбілқасымұлы аудандағы құрылс қарқыны туралы баяндады.

– Есепті мерзімге құрылыс жұмыстарының көлемі 5 475,1 млн. теңгені құрап отыр. 2019 жылы мемлекеттік қаражаты есебінен 1 221,5 млн. теңгеге 14 нысан құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді. Оның ішінде, 8 нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынды.

Жеке тұрғын үй есебінен 2019 жылы 11 079 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер қабылданды. Бұл көрсеткіш 104,8 пайызға артығымен орындалды.

Келесі маңызды мәселе – ауызсумен қамту. Бүгінгі күні ауданда орталықтандырылған ауызсумен қамтылу деңгейі 32,6 пайызды құрайды. Мәселені шешу мақсатында 5 елді мекенге құрылысқа қаржы бөлініп отыр. 7 елдімекеннің жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, облысқа сұраныс жасалды. 10 елдімекеннің жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Аталған жобалар іске асқан жағдайда ауыз сумен қамту 77 пайызға жетеді деп жоспарлануда, – деген аудан басшысы газдандыру мәселесіне де кеңінен тоқталды.

Оның айтуынша, аудандағы 15 елді мекенді газдандыруға 2 976,0 млн. теңге қажет екен. Бұл қаражатқа ұзындығы 102,3 шақырымды құрайтын газ құбыры тартылады. 2019 жылы құрылыс жұмыстарына 1 365,0 млн. теңге бөлініп Қошқарата бағытына магистралды газ құбыры құрылысы жүргізіген. Осы жылы магистральді газ құбырының құрылысы  723,0 млн. теңгеге жалғасып, 2021 жылы аяқталуы жоспарланып отыр екен.

– 7 елдімекенге ауылішілік газ құбырларын жүргізуге құжаттар әзірленген. Жобаларды іске асыру үшін қаржы қарастыруды қажет етеді. Ал Билікөл ауылдық округіндегі  4 елдімекенге автоматтандырылған газ бөлу стансасының құрылысын бастау үшін республикалық бюджеттен 117,5 млн. теңге сұралған еді. Алайда аталған қаржы биылғы жылы қаралған жоқ, – деді Н. Ергебеков өз сөзінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.