Бесағаш тұрғындары жаңа жобаның игілігін көруде

0

Облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жобаның насихаттау мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен ұйымдастырылған баспасөз тур Жамбыл ауданында жалғасын тапты. Жоба аясында пилоттық округтердегі тиімді несиеге қол жеткізіп, қорасын малға толтырып жатқан ауылдықтардың тыныс-тіршілігі дәлел. Солардың бірі Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылдық округі. Бұл округтегі 280 отбасы несие алуға өтініш берсе, қазіргі таңда оның 139-сы тиісті қаражатқа қолы жетіп, жобаның екінші бағыты бойынша төрт түлікке қорасын толтыруда. Сондай-ақ, 130-ға жуық тұрғынның құжаты мақұлданып, алатын қаражатын күтіп отыр.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, ауылдық округте 279 тұрғын мал алуға өтініш берсе, бүгінде оның 35-і 125 миллион 490 мың теңгеге мал алып үлгеріпті.
Мәселен, Жұмабек Сыдықов 3 миллион 300 мың теңгеге 50 қой алыпты. Сондай-ақ 500 мың теңгеге жем-шөбін дайындаған. Көрші Түркістан облысынан алдырған қойдың 30-ы «гиссар» тұқымдас екен. Бүгінде ол қойлар төлдей бастаған.
Жоба аясында бұдан өзге де қызу тіршілікке кірісіп кеткен бесағаштықтардың құлшынысы жақсы. Осынан танбаса, алдағы уақытта жобаның игілігін бесағаштықтар ғана емес, өңір жұрты көретіні анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.