Таласта ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

0

Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов аудан халқының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, есеп берді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысқан есепті жиында Бақыт Алпысбайұлы 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2020 жылы алда тұрған міндеттер туралы баяндады.

– Жалпы өткен жыл еліміз үшін де, ауданымыз үшін де табысты жыл болды деп айтуға толық негіз бар. Соның бір айғағы – өткен жылдың күрделілігіне қарамастан ауданда әлеуметтік- экономикалық дамуында жақсы көрсеткіштерге кол жеткіздік.

Жамбыл облысы әкімімен Талас ауданының әкімі арасындағы бекітілген 27 индикатордың 22-і толық орындалды. Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшыларымен Талас ауданының әкімі арасындағы бекітілген 112 индикатордың 106-ы орындалған.

Жалпы өндірілген өнімнің көлемі 45 млрд. 266 млн. 600 мың теңгені құрап, 123,2 %-ға немесе 8 млрд. 524 млн. теңгеге артық орындалды. Өнеркәсіп өнімдері 23 млрд. 783 млн. 700 мың теңгеге өндіріліп, 2018жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 5 млрд. 420 млн. 200 мың теңгеге артық немесе 129,5 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығына келер болсақ, асыраушы салада 12 млрд. 252 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 1 млрд. 417 млн. 900 мың теңгеге артық орындалды. Мал басының артуы анық байқалып отыр, – деді аудан әкімі.

Б. Қазанбасовтың айтуы бойынша, 2019 жылдың өнімі үшін барлығы 12171 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру және 1600 га пар дайындау жоспарланып, 12222 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылған. 2019 жылдың өнімі үшін жоспарланған 3200 га күздік бидайдың орнына 4000 га жерге күздік бидай артығымен егілген.

Ауданда су үнемдеу технологиялары игеру ісі де қарқынды жүруде. Мәселен, 2019 жылы Ақкөл ауылдық округіндегі «Бекен» шаруа қожалығында 220 гектар алқапқа және Бостандық ауылдық округінде «Жаңалық» шаруа қожалығы 2 га картопқа тамшылатып суару технологиясы енгізілген. Бұдан бөлек, 2019 жылы 48 құдық қазылып, 172 күн сәулесінен қуат алатын қондырғылар орнатылған.

– Ауылшаруашылығы техникаларын жаңалау жұмысы да жүйелі жүруде. 2019 жылы 36 дана ауылшаруашылығы техникалары есептен шығарылып, 25 дана ауылшаруашылығы техникалары сатып алынып, 5 пайыз ауылшаруашылығы техникалары жаңартылды, – деді айдан басшысы өз есебінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.