Таразда тағы 4 тұрғын алқабы пайдалануға беріледі

0

Қазіргі таңда Тараз қаласында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға  72 391 азаматтар кезекте тұр. Тұрғындар сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шаһар аумағында  үшін 4 алаң дайындалуда. Олар – Асқаров көшесінің соңы, «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар. Аталған алқаптар пайдалануға берілсе, 3752 кезекте тұрған азамат өз жер теліміне қол жеткізбек.

– «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарында электр, газ және су желілерін жүргізу ағымдағы жылы іске асырылатын болса, ал қалған жоғарыда аталған 3 алқаптың инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдары сметалық құжаттамалары әзірленіп, ағымдағы жылы мамыр айына дейін сараптамадан өткізілетін болады.

Жалпы, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын қайта жаңғырту тетігі бойынша 2019 жылы қала бюджетінен 655,5 млн. теңгеге 17 үйге және қайтарым қаражат есебінен 13 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 3,4 млрд. теңгеге 80 көпқабатты тұрғын үйді жөндеу және қалалық бюджеттен 100,0 млн. теңгеге 4 үйді жөндеу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы көпқабатты тұрғын үй аулаларында 22 балалар ойын алаңшаларын орнатуға, қоқыс алаңдарын орнатуға және жөндеуге, 700 дана қоқыс контейнерлерін сатып алуға және 25 бірлік аялдамаларды орнатуға барлығы 232,0 млн. теңге жоспарланып отыр. Сонымен қатар қала көшелерін жарықтандыруға сметалық құжаттамаларды әзірлеуге 50,0 млн. теңге қала бюджетінен қарастырылып отыр, – дейді шаһар басшысы А. Қарабалаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.