Кәсіпкерлікті қолдау – басты назарда

0

Облыс орталығында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл жайында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев өзінің тараздықтарға берген есебінде кеңінен баяндады.

– «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 5 млрд. 297,2 млн. теңгеге 140 жоба қаржыландырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 649,1 млн. теңгеге 54 жоба қаржыландырылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында отандық кәсіпорындарға 600 млрд. теңге көлемінде несиелер қарастырылған. Сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер палатасы 165 жобаға 9 млрд. 679,8 млн. теңге бөлді, – деді шаһар басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, А. Қарабалаев мемлекет басшысының халыққа жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, қалада 25 326 микро және шағын бизнес өкілдері табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылып, осы кезеңде тексеріс жүргізуге мораторий жарияланғанын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.