Волейболдан жарыс өтті

0

Жуырда аудандық балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай 2003-2005 жылы туған ұлдар және қыздар командалары арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. Абай ауылындағы Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің базасында өткен жарыс екі күнге созылды.
Шараның мақсаты – оқушылар арасында волейбол ойынын насихаттау, аталған спорт  түрімен жүйелі түрде айналысуларына жол ашу, ойыншылардың деңгейін анықтау, облыстық жарыстарға аудандық құраманы жасақтау және мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық волейбол федерациясының аға жаттықтырушысы А.Омаров, аталмыш мектеп директоры Т.Азаматов, балалар-жасөспірімдер орталығының директоры Н.Райқұлова сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қыздар командасынан 13 ұсыныс түссе, ұлдар командасынан 9 команда ұсыныс білдірді. Атап өтерлігі, спорттық жарысқа көршілес Меркі және Мойынқұм аудандарынан да командалар келіп қатысты.
Тартысты бәсекеге командалар бар шеберліктерін көрсетті. Жарыстың нәтижесі бойынша қыздар командалары арасында І-орынды Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы, ІІ-орынды Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі, ІІІ-орынды Төле би атындағы орта мектебі (а), ұлдар командалары арасында І-орынды Абай атындағы орта мектебі, ІІ-орынды Меркі ауданынан келген қонақтар, ІІІ-орынды Домалақ ене атындағы орта мектебі командалары иеленді. Орын алған командалар дипломдармен марапатталып, кубоктарға ие болды.
«Ең үздік қорғаушы» номинациясын Ғ.Мұратбаев мектебінен Д.Гаплинова, Домалақ ене орта мектебінен М.Доғдырбай, «Ең үздік шабуылшы» номинациясын Е.Бекмаханов мектеп гимназиясынан А.Алимбекова, Абай атындағы орта мектебінің БЖО филиалынан М.Жетпісбай, «Ең үздік байланыстырушы» номинациясын Төле би атындағы орта мектебінен А.Абдуали, Меркі ауданынан А.Сейіт қанжығалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.